Accessibility links

Евгений Жовтистің сотталуына байланысты АҚШ елшілігі мәлімдеме жасады


Кісі өліміне себепкер деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтистің сотталуына байланысты Қазақстандағы АҚШ елшілігі мәлімдеме жасады.

«Біз осы іске байланысты алаңдаушылығымызды білдіріп, Қазақстан басшылығын Жовтис мырзаның Қазақстан заңдарына сәйкес әділ сот ісіне қол жеткізуі үшін жағдай жасауға шақырып келеміз. Апелляциялық шағымдарды қарау барысында да біз осындай өтініш айтуды жалғастыра береміз.

Жовтис мырзаның халықаралық адам құқықтарын қорғау қауымдастығындағы беделін негізге ала отырып, сондай-ақ Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалықты қолға алуға әзірленіп жатқанын ескере келе, апелляциялық шағымды қарау процесінің қалай өткені халықаралық деңгейде сөзсіз жіті қадағаланатынын еске саламыз», — делінген елшіліктің мәлімдемесінде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG