Accessibility links

Старовойтованың өліміне қатысты іс қайта қаралмақ


Ресей билігі белгілі либералдық депутат Галина Старовойтованың өліміне қатысты тергеу жұмыстарын қайта бастайтын болды. Федералдық қауіпсіздік қызметінің хабарына сүйенсек, бұл қылмыстық іс жаңа жағдайлар пайда болу себептеріне байланысты қайта ашылады деп айтылып өткен.

Биыл Старовойтованың туысқандары тергеу ісің жаңадан қарау жұмыстарын талап етіп, президент Дмитрий Медведевке хат жолдаған болатын.

Маусым айында құқық қорғау органдарынан бірнеше жыл бойы жасырынып жүрген Ресей думасының бұрынғы депутаты Михаил Глущенко тұтқынға алынды. Глущенко Старовойтованы өлтіруді ұйымдастырушылардың бірі деп күдіктенеді қаза тапқан депутаттың туыстары. Бұдан бұрын осы іске қатысты екі адам сотталған, ал өлтіруге тапсырыс беруші әлі күнге дейін анықталмаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG