Accessibility links

Иран даулы ядролық бағдарламасын жалғастыра береді


Президент Махмұд Ахмадинежад Иран өзінің даулы ядролық бағдарламасына қатысты жұмыстарын әрі қарай жалғастыра береді деді. Бұл туралы Ахмадинежад Теһран қаласындағы баспасөз мәслихаты барысында жариялады.

Президент Ахмединежад Иран ядролық байыту жұмыстарын БҰҰ-ның Халықаралық атом энегетика агенттігімен тығыз ынтымақтастықта жалғастыра береді деп атап көрсетті.

Бұған қоса Махмұд Ахмадинежад әлемнің ірі мемлекеттерімен келіссөздерге дайын екенін мәлім етті, бірақ, бұл келіссөздер жалпы ғаламдық мәселерге бағытталу керек дейді Иран президенті.

Батыс елдері Иранды ядролық қару жасау ісін дамытып отыр деп күдіктенеді, ал Иран ядролық бағдарламамыз бейбіт мақсатқа арналған деп мәлімдеп келеді.

Бүгін БҰҰ-ның атом энергетика жөніндегі агенттігінде басталған талқылауда агенттік басшысы Мұхаммед Әл-Барадей Иран ядролық бағдарламасының әскери аспектілерін айқындау тұрғысында ынтымақтастыққа бармай отыр деп атап көрсетті.

XS
SM
MD
LG