Accessibility links

Венесуэла президенті Уго Чавес Түркменстанға барды


Венесуэла президенті Уго Чавестің Түркменстандағы ресми сапары басталды, бұл Оңтүстік-Америка ел басшыларының Орта Азияға тұңғыш сапары. Уго Чавес жексенбі күні Ирандағы сапарын аяқтаған соң тікелей Ашхабадқа ұшып барды.


Хабарларға қарағанда,Уго Чавес пен Гурбангұлы Бердымұхамедовтің келіссөздері екі ел арасындағы қарым- қатынасты тереңдетуге, ең бастысы энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталатын болады.

Венесуэлла президенті Ресей, Қатар, Иран сияқты газ өндіруші елдер талқылап қойған мұнай өндіруші елдепдің халықаралық ОПЕК ұйымы тәрізді ғаламдық газ картелін құру идеясын қолдайтындығын айтты.

Түркменстан газ өндіру саласынан Орталық Азияда жетекші ел қатарында, бірақ ғаламдық газ картелін құру идеясын қолдайтын, қолдамайтыны әзірге белгісіз.

Венесуэла президенті Уго Чавес Түрменстаннан кейін Ресей мен Беларусқа барады.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG