Accessibility links

Ауғанстанға қатысты БҰҰ-ң қонференциясы жыл аяғында өтуі мүмкін


Германия Канцлері Ангела Меркель мен Ұлыбритания премьер-министрі Гордон Браун Ауғанстанға қатысты БҰҰ-ң конференциясын жыл аяғына қарай өткізуге қолдау танытты.

Бұл туралы Берлин қаласындағы бірлескен баспасөз -мәслихатында мәлімделді.


Екі ел басшыларының айтуынша, алдағы саммиттің мақсаты- Ауғанстандағы қауіпсіздіктің барлық жауапкершілігін жергілікті билікке тапсыру жоспарын талқылау болуы керек.

Бұл Ауғанстандағы өзге елдердін әскери контингенттерін шығару жолында ең алғаш қадам болады деп есептейді Ангела Меркель мен Гордон Браун.

Олардың айтуынша, аталған ұсыныс Франция президенті Николя Саркозидің қолдауын тапқан.

XS
SM
MD
LG