Accessibility links

Бүгін журналистердің халықаралық ынтымақтастық күні


Журналистердің халықаралық ынтымақтастық күні 1958 жылы мамыр айында Бухарест қаласында Халықаралық журналистік ұйымдардың IV конгресінің шешімімен белгіленген. Бұл күн 1943 жылы 8-қыркүйекте неміс басқыншыларының қолынан түрмеде азапталып өлтірілген чех журналисі, жазушы-антифашист Юлиус Фучикті еске алуға арналған.

Юлиус Фучик Прага түрмесінде жазылған «Дар тұзағындағы репортаж» атты кітабымен әлемге әйгілі болды. Өзі өлгеннен кейін оның кітабы әлемнің 70 тіліне аударылды, ал 1958 жылдан бастап Фучик өлімінің күні Халықаралық журналистердің ынтымақтастық күні болып тойлана бастады.
XS
SM
MD
LG