Accessibility links

Қытайдың көмір шахтасындағы құрбандар саны 35-ке жетті


Сейсенбі күні көмір шахтасында болған жарылыстан 35 адам қаза болған, тағы 44 адам жер астында қалған, — деп хабарлайды Ассошиэйтед Пресс.

Хэнань провинциясының Пиндиншань қаласындағы шахтада жарылыс кезінде 93 адам жұмыс істеген, олардан 15 адамды ғана құтқару мүмкін болған.

Қытайдың көмір шахталары әлемдегі ең қауіпті ошақтар қатарында саналады. Соңғы жылдың өзінде ғана ол жерде үш мыңнан аса адам құрбан болған. Бұл жолғы жарылыстың себебі мен егжей-тегжейі хабарланбаған.

Қытайдың көмір өндіру тарихындағы ең ірі апат ретінде тіркелген 2005 жылдың ақпан айында Ляонин провинциясындағы «Суньцзявань» шахтасында газдың жарылуынан 200-ден астам адам құрбан болған.
XS
SM
MD
LG