Accessibility links

Өмірзақ Түсімов: Тохнияз Кучуков пен Евгений Жовтиске шығарылған сот үкімі қаталдау


«Время» газетіне сұхбат берген ҚР ІІМ жол полициясы комитетінің бұрынғы басшысы Өмірзақ Түсімов жаяу жүргіншінің өліміне себепші болған «Время» газетінің тілшісі Тохнияз Кучуков пен кісі өліміне себепкер деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған қазақстандық құқық қорғаушы Евгений Жовтиске шығарылған сот үкімін қаталдау деп есептейді.

«Сот қаталдау шешім шығарды деп ойлаймын, бұдан да аз мерзім беруге болатын еді. Оның үстіне мұндай жағдайда, яғни тараптар өзара келіссе, қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы да бап бар ғой, ол бізде жиі қолданылады, бірақ мен соттың әрекетіне түсініктеме беруге құзырлы емеспін», — дейді ол.

Басылымның «Мас күйінде немесе құжатсыз көлік жүргізіп, адам өліміне себепші болған шенеуніктердің жазасы бұдан жеңілдеу болғаны туралы не айтасыз?» деген сұрағына Өмірзақ Түсімов: «Мұндай жағдайлардың бізде барын жасыра алмаймын. Шенеуніктер ғана емес, жәй жүргізушілердің де жазадан құтылып кеткен кездері болған. Сондықтан бұл жағдайға жеңілірек қарауға болатын еді деп ойлаймын. Жаза заң шеңберінде қарастырылған, дегенмен менің пікірімше, үкім қаталдау», — деген.
XS
SM
MD
LG