Accessibility links

ҚР Статистика агенттігі: Тамыз айында тұрғын үй бағасының арзандауы жалғасты


Агенттіктің мәліметінше, тамыз айында жаңа үйлердің сатылымдағы бағасы алдыңғы аймен салыстырғанда 0,3%-ға төмендеген, ал жайластырылған үйлерді қайта сату 1,1%-ға арзандаған.

Жаңа үйлердегі пәтерлердің шаршы метрі осы айда 137706 теңгені құраса, екінші деңгейлі нарықтағы пәтерлердің шаршы метрінің бағасы 101669 теңге болған, ал жайластырылмаған үйлердің бағасы бұдан екі есеге арзан, яғни шаршы метрі 59525 теңгеден.

Ал жыл басынан бері жаңа үйлердің бағасы 6,6%-ға, ескі үйлер 5,9%-ға арзандаған.
XS
SM
MD
LG