Accessibility links

Грузияда жер сілкінісінің салдарынан жарық болмай қалды


Бүгін түнде Грузияда күшті жер сілкінісі орын алды. Эпицентрі Тбилисиден 236 шақырымдағы Кутаиси қаласына таяу жердегі жер асты дүмпуінің күші 5,5-тен 6,2 балға дейін жеткен. Тбилиси мен Оңтүстік және Солтүстік Осетияда да жер сілкінісі сезілген. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Они ауданындағы көптеген ғимараттар жер сілкінісінен қирап, жарық беру тоқтап қалған. Бұл жерде ондаған адамның өмірін қиған күшті жер сілкінісі 1991 жылы болған. Грузияда соңғы күшті сілкініс 2002 жылы сәуірде орын алды, онда алты адам құрбан болған.
XS
SM
MD
LG