Accessibility links

Алматыда «Ядролық және радиациялық физика» атты конференция басталды


Бүгін Алматыда «Ядролық және радиациялық физика» атты VII Халықаралық конференция басталды. Ядролық физика институты Ұлттық ядролық орталығының баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл шарада Қазақстан Республикасында атом саласының дамуы жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған бағдарлама аясында ядролық отын циклінің даму стратегиясы мен тактикасы жөніндегі мәселелер қаралады.


Аталмыш жиынның ұйымдастырушылары: ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК және ҚР Ұлттық ядролық орталығының салалық институттары.

«Конференция тақырыбының өзектілігі халықаралық ғылыми қауымдастықтың қызығушылығын тудырды. АҚШ, Ресей, Жапония, Корея, Түркия, Украина, Беларусь, Өзбекстан, Армения, Малайзия, Әзербайжан, Польша, Үндістан, Тәжікстан, Грузия, Германия, Ұлыбритания, Словакия, Нигерия секілді 19 елден аталмыш жиынға қатысу жөнінде өтініш түсті», — делінген баспасөз хабарламасында.
XS
SM
MD
LG