Accessibility links

Меркель: Германия НАТО әуе шабуылын тексереді


Германия канцлері Ангела Меркель Ауғанстанда неміс қолбасшысы бұйрық берген әуе шабуылын толық анықтауға уәде етті. Ауған ресмилерінің айтуынша, елдің солтүстігіндегі Құндыз өлкесінде орын алған НАТО әуе шабуылынан кемінде 54 адам, олардың ішінде қарапайым азаматтар құрбан болған. Меркель сейсенбі күні парламентте сөйлеген сөзінде Германия әлгі оқиғаға алдын-ала баға беруді қабылдамайды деп мәлімдеді.

Ауғанстан президенті Хамид Қарзай Францияның "Le Figaro" басылымына берген сұхбатында НАТО-ның әуе шабуылы неміс күштері тарапынан жасалған қателік болды деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG