Accessibility links

Прокурор: Ингушетия басшысына шабуылдағандар анықталды


Ингушетия бас прокуроры республика президенті Юнус-Бек Евкуровқа жасалған шабуылға қатысы бар адамдар анықталды деп мәлімдеді.

Юрий Турыгин Ресейге сапармен барған Еуропа кеңесінің делегациясына әлгі қастандық әрекетін ұйымдастырушылардың екеуі өлтірілді деп атап көрсетті. Турыгиннің айтуынша, тергеушілер өлтірілген азаматтардың басқа да қылмыстарға қатысы бар болғанына қосымша дәлел келтірген. Алайда Евкуровқа қарсы шабуылға тапсырыс берген азамат анықталмады деді бас прокурор.

Ингушетия президенті Юнус-Бек Евкуров 22-ші маусымда Назран қаласында қастандықтан жарақат алып, Мәскеуде емделген болатын.
XS
SM
MD
LG