Accessibility links

Комиссия: Ауғанстандағы сайлауда бұрмалаушылықтар болды


Ауғанстандағы сайлауға қатысты шағымдарды қарайтын комиссия өткен айдағы президент сайлауында бұрмалаушылықтар болғанына дәлел бар деп мәлімдеді.

Аталған комиссияның атап көрсетуінше, күмәнді сайлау учаскелеріндегі дауыстар қайта саналатын болады. Дауыс берушілердің сайлауға қатысу деңгейі 100 пайыз деп көрсетілген кез келген сайлау учаскесі немесе кандидаттың 95 пайыздан көп дауыс жинағаны анықталса, бұл сайлау учаскелерінде тексеру жүргізіліп, дауыстар қайта саналмақ.

Алайда комиссия нақты қанша сайлау учаскелерінде дауыстар саналатыны жөнінде ешнәрсе айтпады. Бұл комиссияға БҰҰ тағайындаған 3 тұлға мен екі ауған азаматы мүше боп табылады.

Тамыздың 20-дағы сайлаудың бастапқы нәтижелеріне қарағанда, президент Хамид Қарзай шамамен 49 пайыз дауыс жинаған. Сайлаудың екінші кезеңі болмауы үшін Қарзай 50 пайыздан астам дауысқа қол жеткізуі тиіс.
XS
SM
MD
LG