Accessibility links

Даулы ауған сайлауында Қарзай жеңіске жетті


Ауғанстандағы сайлаудың бастапқы нәтижелеріне сәйкес, президент Хамид Қарзай 54.1 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткендігі анықталып отыр. Сайлауда бірқатар заңбұзушылықтар болды деген айыптар айтылған болатын. Елдің тәуелсіз сайлау комиссиясы 20-шы тамыздағы сайлауда берілген дауыстардың 91.6 пайызы саналды деп хабарлады. Қарзайдың негізгі қарсыласы Абдулла Абдулла шамамен 28.3 пайыз дауысқа қол жеткізген.

Алайда Ауғанстандағы сайлауға қатысты шағымдарды қарайтын комиссия өткен айдағы президент сайлауында бұрмалаушылықтар болғанына дәлел бар деп мәлімдеді. Аталған комиссияның атап көрсетуінше, күмәнді сайлау учаскелеріндегі дауыстар қайта саналмақ.
XS
SM
MD
LG