Accessibility links

Иран билігі оппозиция басшысының кеңсесін жапты


Иран билік орындары оппозиция жетекшісі Мехди Карубидің кеңсесін жапты.

ИЛНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Карубидің саяси партиясының баспасөз хатшысы бүгін Теһран прокуроры кеңсені жабуға бұйрық берді деген. Есмаил Герами Могжаддамның мәлімдеуінше, кеңсе бөлмелері тексеріліп, құжаттар мен дисктер, сондай-ақ компьютерлер тәркіленген. Билік орындары интернеттегі "Etemad-e Melli" парақшасының бас редакторын тұтқындады деді Могжаддам.
XS
SM
MD
LG