Accessibility links

Қытай: Иран мәселесін дипломатия арқылы шешу керек


Қытай халықаралық қауымдастықты Иранның даулы ядролық бағдарламасы төңірегіндегі жағдайды шешу үшін дипломатиялық әрекеттерін күшейтуге шақырды.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Иранға қосымша санкция енгізілсе, оның теріс әсері болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деп қауіптенеді бірақ бұл айыптауларды Теһран жоққа шығарып отыр. АҚШ пен оның одақтастары Иранның уран байыту бағдарламасына байланысты оған шектеулер енгізу мүмкіндігі туралы ескерту жасады. Алайда президент Махмуд Ахмадинежад Иран ядролық құқығы туралы келіссөз өткізбейді деп атап көрсетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG