Accessibility links

Парламентті таратуды талап етіп келген жастарды полиция ұстап әкетті


Қыркүйектің 9-ы күні сағат 11-де Астанадағы Парламент үйінің алдына келіп, наразылық шарасын өткізбек болған 7 қыз-жігітті сол жерге алдын ала келген полицияның арнаулы күші (ОМОН) ұстап алып кетті. Қолдарына жазу ұстаған наразы топ Қазақстанның бір партиялы парламентін тарату туралы талаппен келген болатын.

Полиция өкілдері наразылық шарасына шыққан жастарға қоса сол жерде тұрған бірқатар БАҚ өкілдерін, солардың арасында Азаттық тілшісін де күшпен алып кетуге әрекет жасады, бірақ журналистер қызметтік куәліктерін көрсеткен соң, полиция оларды босатты.
XS
SM
MD
LG