Accessibility links

Жеміс Тұрмағамбетова: Жовтис камераластарына көмек көрсете бастады


Бүгін Астанада «Қазақстан - ЕҚЫҰ-2010» үкіметтік емес ұйымдар коалициясының мүшелері кісі өліміне себепкер деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтисті қорғау мақсатында дипломатиялық миссияларға арнап брифинг өткізеді.

Бұған қоса Сыртқы істер министрлігінде Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы өтпек.

Бұл туралы «Время» газетіне сұхбат берген Халықаралық «Адам құқығын қорғау хартиясы» қоғамдық қорының директоры Жеміс Тұрмағамбетова хабарлады. Ол сонымен бірге аталған комисияның отырысында сөз сөйлейтінін айтты.

Сондай-ақ Қоғамдық бақылау комиссиясының құрамында Евгений Жовтис отырған тергеу абақтысында болып қайтқан Жеміс Тұрмағамбетова: «Жовтиске Қылмыстық және Қылмыстық-процессуалдық кодекс, қағаз, қалам берілген, ол өзінің дұрыстығын дәлелдеуге дайын. Жігері жасымаған ол өзінің камераластарына заңдық тұрғыдан кеңес беріп, құқықтық көмек көрсетуде», — деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG