Accessibility links

Қытай шахтасындағы жарылысқа қатысты жергілікті шенеуніктер қызметінен алынды


Соңғы мәліметтер бойынша, Қытайдың Пиндиншань қаласындағы шахтада сейсенбі күні болған жарылыстан 42 кенші құрбан болған, 37 адам топырақ астында қалған, — деп хабарлайды Ассошиэйтед Пресс. Бұдан бұрын 35 адамның қаза болып, 44 адамның жер астында қалғаны хабарланған еді.

Қытайдың мемлекеттік еңбекті қорғау басқармасының мәліметінше, Хэнань провинциясының Пиндиншань қаласындағы шахтада жарылыс кезінде 93 адам жұмыс істеген, олардан 14 адамды ғана құтқару мүмкін болған. Апаттың себептері әзір белгісіз.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, жарылыс болған шахтаның заңсыз жұмыс істегені үшін жергілікті екі шенеунік қызметінен алынған. Көмір өндіруші кәсіпорынның иелері ұсталып, компания есеп-шоттарының жұмысы тоқтатылған.

Сондай-ақ жергілікті билік жұмыс жағдайының техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеру үшін қаладағы 157 көмір шахтасының жұмысын тоқтатуға шешім шығарды.
XS
SM
MD
LG