Accessibility links

Қазақстанда ақпаратты қорғау жөніндегі заң жобасы жасалмақ


2010 жылдың басына дейін Қазақстанның Ақпараттандыру және байланыс агенттігі ақпаратты қорғау жөніндегі заң жобасын жасап шығармақ, — деп хабарлайды аталған ведомствоның ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Құралай Елеусізова.

«Желтоқсан айына қарай дайын болатын заң жобасы келесі жылдың наурыз айынан бастап талқылауға түседі. Қазір осы заңды қабылдаудың қажеттігі сезіледі. Бұл салада жеке мәліметтерге қол жеткізудегі құқықтарды реттеуде шешілмеген мәселелер бар», — деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Ақпараттандыру және байланыс агенттігі үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп заң жобасын жасау үшін жұмыс жасауда. Бұл заң жобасында ақпарат түрлерінің жіктелімі мен оларға қол жеткізу тәртібі, сондай-ақ ақпаратты сақтау мен шектеу рәсімдері ұсынылады.

ТМД елдерінің ішінде осыған ұқсас заңнамалық актілер Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстанда қолданыста бар.
XS
SM
MD
LG