Accessibility links

Иранда Мусавидің кеңесшісі тұтқындалды


Иран қауіпсіздік күштері оппозиция жетекшісі Мир Хоссейн Мусавидің кеңесшісін қамауға алды. Әли Реза Бехешти сейсенбі күні Теһранда тұтқындалды деп хабарлайды радиомыздың тілшісі.

Бехешти даулы президент сайлауынан кейін қамауға алынған наразылық танытушылардың абақтыдағы жағдайын тергейтін оппозициялық комиссияны басқарады. Сонымен қатар тағы бір оппозиция басшысы Мехди Карубидің Теһрандағы кеңсесінде рейд жүргізіліп, партияның құжаттары тәркіленді. Карубидің кеңесшісі Мортеза Алвири де тұтқындалды деп хабарланып отыр.

Мусави мен Каруби маусым айындағы президент сайлауы бұрмаланып, Махмуд Ахмадинежад қайта сайланды деп айыптаған болатын.
XS
SM
MD
LG