Accessibility links

Ауғанстанда 4 АҚШ сарбазы опат болды


Ауғанстанда 4 американдық сарбаз қаза тапты. Олар сейсенбі күні Кунар өлкесінде Талибан бүлікшілеріне қарсы шабуылдар барысында құрбан болды деп хабарланып отыр.

Бұл екі арада НАТО мен АҚШ күштерінің қолбасшысы генерал Стэнли МакКристал канадалық генерал-майорға өткен аптада Құндыз өлкесінде орын алған даулы әуе шабуылына қатысты тергеу ісін басқаруды тапсырды. Бүлікшілер жанар-жағармай көліктерін басып алған соң НАТО әуеден соққы берген болатын, нәтижесінде ондаған қарапайым азамат құрбан болды делінеді. Бұл шабуылға неміс қолбасшысы бұйрық берген-ді. Сейсенбі күні Германия канцлері Ангела Меркель әлгі шабуылды толық анықтауға уәде етті.
XS
SM
MD
LG