Accessibility links

Алматыда Жовтисті қолдау шарасы өтті


Қазақстандағы жетекші құқық қорғаушыны қолдау шарасы Алматыда ұйымдастырылды.

Өткен аптада Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис кісі өліміне себепкер деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сәрсенбі күні құқық қорғаушы Виктор Ковтуновский Алматының орталық алаңына «Бүгін – Жовтис, Ертең - сіз!» деген жазуы бар плакатты алып шықты. Алматы прокуратурасының өкілі сол жерге барып, Ковтуновскийге Қазақстанның қоғамдық жиындары жөніндегі заңдарын бұзып жатқандығын түсіндірді. Бұған қарамастан, Ковтуновский қолдау шарасын жалғастыра берді. Оған бірқатар белсенділер қосылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG