Accessibility links

Әл-Барадей: Иран АҚШ ұсынысынан бас тартпауы тиіс


Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттіктің басшысы Мохамед әл-Барадейдің мәлімдеуінше, Иран өзінің ядролық мәселесі төңірегіндегі жағдайды шешу үшін Вашингтонның диалог өткізу жөніндегі ұсынысынан бас тартпауы тиіс.

Аталған агенттіктің Венадағы басқарма кеңесінде сөз сөйлеген әл-Барадей Теһран АҚШ президенті Барак Обама ұсынған диалогты жүргізуі тиіс деп атап көрсетті.

Иран әлемнің алпауыт елдеріне өзінің ядролық бағдарламасына қатысты жаңа ұсыныстарды жасайды деп күтілуде.

Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деп қауіптенеді бірақ Теһран бұл айыптауларды жоққа шығаруда.
XS
SM
MD
LG