Accessibility links

Апатқа ұшыраған тікұшақ өзбек түрмесінен қашқандарды іздемек болған


Интерфакс-Қазақстан агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облысында апатқа ұшыраған тікұшақтың ішіндегі шекарашылар Өзбекстан түрмесінен тұтқындардың қашуына байланысты мемлекеттік шекараны қорғауды күшейтумен айналысқан.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Оңтүстік" шекара қызметі басшысының орынбасары Жанарбек Мадидинов аталған агенттікке қаруланған қылмыскерлер шекараға жақын жердегі Өзбекстан түрмесінен қашып кетті деген ақпарат келіп түскен болатын деп мәлімдеген. Мадидиновтың айтуынша, Өзбекстанның ұлттық қауіпсіздік қызметі әлгі қылмыскерлер тау жаққа және мемлекеттік шекараға қарай бет алған деп хабарлаған.

Сейсенбі күні Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, 10 адам қаза тапты, 3 кісі жарақат алды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG