Accessibility links

Қытайдың орталық телеарнасы орыс тілінде хабар тарата бастады


Қытайдың орталық телеарнасы (CCTV) бүгіннен бастап тәулік бойы орыс тілінде хабар тарата бастамақ.

Телекомпанияның вице-президенті Чжан Чанмин бұдан бұрын трансляцияның спутник арқылы таралатынын, тарату аумағы Азия, Тынық мұхит аумағы, Таяу Шығыс пен Еуропаны қамтитынын айтқан-ды. Компанияның мәліметтері бойынша, көрермендер саны 300 миллиондай адамды құрайды.

Телеканал қытай тілі мен қытай асханасының телесабақтарын жүргізіп, елдің тарихы мен мәдениеті туралы хабарлар таратады.

Орыс тілінде хабар тарату Қытайдағы Орыс тілі жылына орайластырылған. Сонымен бірге телеарна бұдан басқа бес тілде хабар тарататын болады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG