Accessibility links

Ақтау қаласында төрт мемлекеттің басшылары бас қоспақ


Сенбі күні Қазақстанның Ақтау қаласында Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан мен Түркіменстан президенттері кездесіп, аймақтық қауіпсіздік мәселесін талқыламақ.

Атап айтқанда, энергетикалық ықпалдастық, Каспий маңы мәселесі мен қазан айында Кишиневте өтетін ТМД мемлекеттері басшыларының саммитіне дайындық, Питтсбургте өтпек болып белгіленген «Жиырмалық тобы» саммитінің барысы сөз болмақ.

Тегеран бұл төрт жақты кездесуді сынға алып отыр, Иранның Сыртқы істер министрі Манучер Моттаки бұл кездесу Каспий теңізінің мәртебесі жөніндегі бұдан бұрын қол жеткізілген келісімдерге қайшы келеді деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG