Accessibility links

Қазақстандық омбудсмен Жовтистің ісінде заңдылықтың қамтамасыз етілуіне көмек сұрады


Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров республиканың Жоғарғы сотының төрағасы Мұсабек Әлімбековтен Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтистің ісін апелляциялық қараудан өткізудегі заңдылықтың қамтамасыз етілуіне көмектесуді сұрады, — деп хабарлады қазақстандық омбудсменнің баспасөз қызметі.

Қыркүйектің 3-інде Алматы облысы Балқаш аудандық сотының төрағасы Чолан Толқынов Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро директоры Евгений Жовтисті кісі өліміне себепкер деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Евгений Жовтис өзінің үстінен қозғалған қылмыстық істі «тапсырыс» деп бағалады. Оның жақтастары құқық қорғаушыны қорғау жөнінде штаб құрды.
XS
SM
MD
LG