Accessibility links

Журналистер НАТО күштерін айыптады


Талибан бүлікшілерінен батыс журналисін құтқару жұмысына қатысты сыни көзқарастар көбейіп отыр. Сәрсенбі күні New York Times тілшісі Стивен Фаррелді азат ету операциясы барысында бір ағылшын сарбазы мен екі ауған азаматы өлтірілген болатын.

Бір топ ауған журналистері ұрланған әріптесі Султан Мунадидің өліміне байланысты халықаралық күштерді айыптады. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің клубы сондай-ақ НАТО күштерін Мунадидің денесін сол жерде қалдырып кеткені үшін сынады.
XS
SM
MD
LG