Accessibility links

Таулы Қарабах жанында армян сарбаздары өлтірілді деп хабарланды


Әзірбайжан бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Әзірбайжанның жікшіл Таулы Қарабах аймағының жанында орын алған атыста кемінде 4 армян сарбазы өлтірілген. Бұл хабар әлі ресми түрде расталмады. Хабарларға қарағанда, атыс Агдам ауданында орын алған.

1990-шы жылдары Таулы Қарабахқа байланысты Арменияның қолдауымен этникалық армяндар Әзірбайжанмен соғысқан болатын. Қақтығыстан шамамен 30 мың адам қаза болды. 1993 жылы атысты тоқтату жөніндегі келісім жасалды бірақ бейбітшілік туралы келісімге ешқашан қол қойылмаған болатын.
XS
SM
MD
LG