Accessibility links

Иран билігі: Сайлаудан кейінгі толқуларда 36 адам қаза болды


Иран Төңкерісшіл сақшыларының қолбасшысы маусым айындағы даулы президент сайлауынан кейін елде болған толқуларда 36 адам қаза тапты деп мәлімдеді. Олардың үшеуі Теһранның оңтүстігіндегі Кахризак түрмесінде көз жұмды деген Абдолла Араги реформашыл "Etemad" газетіне берген сұхбатында.

Бұдан бұрын Иран ресмилері президент Махмуд Ахмадинежад қайта сайланған соң орын алған толқуларда 30-ға жуық адам құрбан болды деп хабарлаған болатын. Сайлау бұрмаланды деп айыптаған оппозицияның айтуынша, әлгі оқиғаларда 72 адам қаза тапқан.

Елдің рухани көсемі Аятолла Әли Хаменей шілде айында Кахризак түрмесін жабуды бұйырды.
XS
SM
MD
LG