Accessibility links

Тәжік полициясы 2 ресейлік сарбазды тұтқындады


Тәжікстан полициясы елдің оңтүстігіндегі екі ресейлік сарбазды тұтқындады деп хабарлайды Азаттық радиосының тәжік қызметі.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Махмадулло Асадуллоевтың айтуынша, қамауға алынған сарбаздарға өткен айда тәжік-ауған шекарасына жақын жердегі Ресейдің базасы алдында такси жүргізушісін өлтірді деген айып тағылған. Тергеушілер ресейлік жауынгерлердің әлгі өлімге қатысы барлығына жеткілікті дәлелдер тапты дейді Асадуллоев.

Тәжікстандағы Ресей базасы тәжік-ауған шекарасын бақылауда маңызды роль атқарады. Бұл базада 7 мыңнан аса сарбаз бар.
XS
SM
MD
LG