Accessibility links

General Motors Opel-ді Magna-ға сатпақ


Германия канцлері Ангела Меркелдің мәлімдеуінше, АҚШ-тың машина шығарушы General Motors компаниясы өзінің Opel бөлімін Канада-Австралиялық Magna International компаниясына сатады.

Германияда Opel-дің шамамен 25 мың қызметкері бар. Бұл компанияның тағдыры Меркелдің сайлау алды науқанында үлкен роль атқарды. Германиядағы сайлаулар қыркүйектің 27-не белгіленген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG