Accessibility links

Қазақстанда мемлекет басшыларының бейресми саммиті өтеді


Бүгін Маңғыстау облысының Ақтау қаласында Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей мен Түркіменстан мемлекеті басшыларының бейресми саммиті басталады.

Бұл туралы хабарлаған ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың айтуынша, саммитке жиналған тараптар постсоветтік кеңістіктің ТМД шеңберіндегі интеграциялық бірігуінің ынтымақтастық мәселелерін талқыламақ.

Бұған қоса төрт мемлекеттің басшылары екі күндік кездесуде аймақтағы энергетика мен транспорт саласының өзекті мәселелерін де ортаға салмақ.
XS
SM
MD
LG