Accessibility links

Гонконг банкінің қызметкері құпия ақпараттарды сатты деп айыпталуда


Гонконг соты Morgan Stanley Asia инвестициялық банкінің бұрынғы басқарушы директоры Ду Цзюнді банктің инсайдерлік, яғни бағалы қағаздар нарығына әсері бар жария етілмеген ақпараттарын сатты деп айыптап отыр, — деп хабарлайды РИА Новости Гонконг БАҚ-на сілтеме жасап.

Банктің бұрынғы қызметкері 2007 жылдың ақпан –сәуір айларында құпия ақпараттарды пайдаланып, 1 миллиард долларға Қазақстандағы кенішті сатып алуға дайындалған CITIC Resources Holdings Limited-тің 26,7 миллион акциясын иемденіп кеткен.

Сауда келісімі туралы ресми құлақтандыру жасалғаннан екі айдан кейін Ду Цзюнь акцияларды сатып, одан 4,3 миллион доллар пайда тапқан.

Айыпталушы өзіне тағылған айыппен келіспей отыр, оның пікірі бүгінгі сотта тыңдалмақ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG