Accessibility links

Ресей президенті Қазақстанмен тауар айналымын екі есеге арттыру қажеттігін айтты


Орынбор қаласындағы екі жақты кездесу барысында Ресей президенті Дмитрий Медведев ҚР мемлекет басшысына Қазақстанмен дағдарысқа байланысты қысқарып қалған тауар айналымын екі есеге арттыру қажеттігін айтты.

«Биыл дағдарысқа байланысты екі жақты тауар айналымы қысқарды. Енді бұл олқылықты толтырудың жолдарын ойластыру керек», — деген Ресей басшысы тауар айналымының қаншаға қысқарғанын нақтылаған жоқ.

Өз кезегінде Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің отын-энергетикалық кешендегі ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінгі VI аймақаралық ынтымақтастық форумы қорытындысы бойынша Екібастұз МАЭС-2-нің үшінші блогының құрылысы мен пайдалануы, Қазақстан мен Ресей шекарашыларының бірлесе жұмыс істеуі, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастығы туралы құжаттарға қол қойылуы тиіс.

ҚР президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан мен Ресей арасындағы екі жақты сауда көлемі 2008 жылдың қорытындысы бойынша, 2007 жылмен салыстырғанда 22%-ға артып, $19,9 млрд-ты құраған.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Орынбор қаласында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ президенті Дмитрий Медведевтің қатысуымен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы VI аймақаралық ынтымақтастық форумы өтуде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG