Accessibility links

Молдова президенті отставкаға кетті


Молдованың президенті Владимир Воронин мемлекет басшысы қызметінен ресми түрде отставкаға кетті. Тиісті өтініш парламенттің секретариатында тіркелген.

Республика азаматтарына арнаған телеүндеуінде Владимир Воронин шілде айындағы парламенттік сайлаудағы коммунистердің жеңілісінен кейін депутат болатындығын мәлімдеген. Сондай-ақ ол жаңа үкіметтің елді басқару қабілетіне сенбейтінін атап өтті.

Енді елдің жаңа президенті сайланғанға дейін мемлекет басшысының міндетін парламент төрағасы Михай Гимпу атқарады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG