Accessibility links

Киевте жоғары лауазымды банкир қызметінен кетті


Украинаның Ұлттық банк вице-төрағасы бүгін қызметінен кетіп, банк басқармасын жемқорлықта айыптады.

Жұма күні Киевте баспасөз маслихатын өткізген Олександр Савченко Ұлттық банк "тәуелсіз емес және ол саясатқа араласады" деп мәлімдеді. Савченконың айтуынша, президент Виктор Ющенконың жеке одақтастары, олардың ішінде банк басшысы Володимир Стелмах үкіметтің Украина ұлттық банкі операцияларына араласуына жауапты болған.

Осы аптада елдің ішкі істер министрі Юрий Руценко банктағы ресмилерді Украина валютасы мен банк секторын қолдауға бағытталған қаржыны ұрлады деп айыптаған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG