Accessibility links

АҚШ өкілі ауған сайлауына байланысты шыдамдылыққа шақырды


АҚШ-тың Ауғанстандағы арнайы өкілі Ричард Холбрук елдің президенттік сайлауын сынаушыларды асығыс қорытынды жасамауға шақырды. Би-Би-Си-ге берген сұхбатында ол алдымен сайлау комиссиясы дауыстарды санап алуы тиіс деп мәлімдеді.

Дауыстардың 90 пайыздан көбі саналып бітті, президент Хамид Қарзайдың 54 пайыздан көп дауыс жинағандығы анықталды. Бірақ сайлауға қатысты шағымдарды қарайтын тәуелсіз комиссия 80-нен аса сайлау учаскесіндегі дауыстарды алып тастады. Бұл комиссияның айтуынша, бұрмалаушылықтардың болғанына жеткілікті дәлел бар.
XS
SM
MD
LG