Accessibility links

Хаменей билік қарсыластарына ескерту жасады


Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменей жұма күні Теһранда уағыз айтып, Иран ислам республикасына қарсы соғысатын кез келген адам қатаң әрекетке тап болады деп мәлімдеді. Бұл оның маусым айындағы даулы сайлауда президент Махмуд Ахмадинежадты қолдаған соң жасап отырған алғашқы қоғамдық жолдауы. Теһран университетінде жұма намазын басқарған Хаменейдің уағызын тыңдау үшін Иранның жоғары лауазымды ресми өкілдері жиналды.

Маусымның 19-ы күні Хаменей сайлауда бұрмалаушылықтар болмады деп мәлімдеп, жеңіліске ұшыраған үміткерлер сайлаудан кейінгі зорлық-зомбылықтарға байланысты жауапқа тартылады деп атап көрсеткен болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG