Accessibility links

Бағдадтың Абу Грейб түрмесінде тұтқындар күзетшілерге шабуылдады


Ирақ ресмилерінің айтуынша, Абу Грейб түрмесіндегі тұтқындар бейсенбі күні кешке күзетшілерге шабуылдап, қамаудан қашып кетпекші болған. Ирақ күштері АҚШ тікұшақтарының көмегімен түрмедегі толқуларды тоқтатқан. АҚШ әскерилерінің баспасөз хатшысы Николас Коннердің мәлімдеуінше, 3 күзетші мен 3 тұтқын жарақат алған. Қауіпсіздік күштері түрмені қайтадан өз бақылауына алды деп хабарланып отыр.

Бағдадтың жанындағы Абу Грейб түрмесі 2004 жылы американдық сарбаздардың тұтқындарды қинағандығы көрсетілген суреттер жарияланған соң халықаралық қауымдастықтың назарына іліккен болатын. Кейін бұл түрме Ирақ бақылауына өтті.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG