Accessibility links

Ауған сайлауының бастапқы қорытындысы жариялануы мүмкін


Ауғанстандағы сайлау ресмилері бүгін президент сайлауының толық бастапқы қорытындысын жариялайды деп күтілуде. Алайда хабарларға қарағанда, тамыздың 20-дағы сайлауға байланысты бұрмалаушылықтар туралы мәліметтерге орай сайлау нәтижесі кешіктірілуі мүмкін.

БҰҰ жетекшілігіндегі комиссия бейсенбі күні елдің 83 сайлау учаскесіндегі дауыстарды алып тастады. Бұл учаскелердің бәрінде президент Хамид Қарзайға қолдау білдірілген. Осы уақытқа дейін жарияланған бастапқы мәліметтерге сәйкес, Қарзай 50 пайыздан астам дауыс жинаған. Егер тәуелсіз комиссия тарапынан алынып тасталған дауыстар айтарлықтай жеткілікті болса, Қарзайды қолдап дауыс бергендердің саны 50 пайыздық көрсеткіштен төмендейді. Мұндай жағдайда Қарзай мен оның негізгі қарсыласы бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла сайлаудың екінші турына түсуі тиіс. Абдулла мен оның қолдаушылары сайлау бұрмаланды деп айыптаған болатын.
XS
SM
MD
LG