Accessibility links

Атырауда көпір апатынан 4 адам қаза тапты


Интерфакс-Қазақстан агенттігінің хабарлауынша, Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев көпір апатының себептерін тергейтін комиссия құруды бұйырған. Сенбі күні Атырауда брифинг өткізген Рысқалиев билік орындары құрбан болғандардың отбасыларына қаржылай көмектеседі деп мәлімдеді.

Жұма күні кешке Атырау қаласында жаңадан салынып жатқан көпірдің бір бөлігі Жайық өзеніне құлаған. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 4 адам қаза тауып, біреуі ауруханаға түскен, және тағы басқа 4 кісі табылмай жатыр.

Алдын-ала болжамдарға сәйкес, көпір апаты техникалық себептерге байланысты болған.
XS
SM
MD
LG