Accessibility links

Бағдадтағы жарылыстардан 3 адам мерт болды


Бағдад орталығында болған екі жарылыстан кемінде 3 адам қаза тапты. Хабарларға қарағанда, бірінші жарылыс шииттердің қасиетті жеріне жақын жерде, ал екіншісі әскери базаның алдында орын алған.

Елдің қорғаныс, ішкі істер және денсаулық сақтау министрліктері жариялаған мәліметтерге сәйкес, тамыз айында Ирақта 456 адам, олардың ішінде 393 қарапайым азамат пен 48 полиция қызметкері сондай-ақ 15 ирақтық сарбаз өлтірілген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG