Accessibility links

Солтүстік Кавказдағы шабуылдан 9 адам мерт болды


Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағында бүлікшілердің шабуылдары мен атыстардан 9 адам опат болды.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, сенбі күні Дағыстан астанасы Махачкалаға жақын жерде орын алған атыста бүлікші деп күдіктелген 4 адам өлтірілген. Шешенстан астанасы Грозныйда жанкешті деп күдіктелген бір адам қаза болып, жергілікті 3 полиция қызметкері жараланды.

Сонымен қатар қауіпсіздік күштері бүлікші деп күдіктелген тағы бір адамды өлтіргендерін хабарлап отыр.
XS
SM
MD
LG