Accessibility links

Ресей мен түркмен басшылары газ тасымалын талқылауда


Ресей президентінің көмекшісі Сергей Приходконың мәлімдеуінше, Ресей мен Түркменстан Ресейге түркмен газы тасымалын қайта қалпына келтіру мақсатында жұмыс істеуде. Президент Дмитрий Медведевпен бірге Түркменстанға сапар жасап отырған Приходко екі елдің газ компаниялары көгілдір отын бағасы мен тағы басқа мәселелерді талқылауға бағытталған келіссөздер өткізбек деп атап көрсетті.

Түркмен газының Ресейге тасымалдануының басым бөлігі сәуір айында негізгі құбырда орын алған жарылысқа байланысты тоқтап қалған болатын.
XS
SM
MD
LG