Accessibility links

Иран президенті реформашыл діни тұлғаны сотқа беруде


Иран президентінің кеңсесі жоғары лауазымды реформашыл діни тұлғаны сотқа бермекші. Фарс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, президент кеңсесі Аятолла Юсеф Санейге қарсы шағымды әзірлеп, арнайы сотқа тапсырмақ.

Санейге президент Махмуд Ахмадинежадтың ар-ожданына нұқсан келтірді деген айып тағылып отыр. Саней даулы сайлауларда Ахмадинежадтың қайта сайлануына наразылық білдірген оппозицияны қолдайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG