Accessibility links

Түркия Иранмен ядролық келіссөз өткізуді ұйымдастыруға әзір


Түркия сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглу Анкара Иран мен әлемнің алпауыт елдері арасындағы кез келген келіссөздерді өз жерінде өткізуге әзір деп мәлімдеді. Давутоглу бұл ұсынысын Иранның Жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысы Саид Жалилимен кездесуі барысында жасады. Иранның ядролық бағдарламасына байланысты келіссөздер мүмкіндігінше тезірек басталады деп үміттенеміз деді Түркия сыртқы істер министрі.

Алайда жексенбі күні Иран президенті Махмуд Ахмадинежад Теһран әлемнің алпауыт елдерімен ғаламдық қауіпсіздік пен экономикалық мәселелерді талқылауға дайын бірақ Иранның ядролық технологияны дамытуға деген құқығын сөз етпейді деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG