Accessibility links

Қазақстанға Вьетнамның премьер-министрі келеді


Бүгін Қазақстанға ресми сапармен Вьетнам социалистік республикасының премьер-министрі Нгуен Тан Зунг келеді, — деп хабарлады ҚР СІМ ресми өкілі Ержан Ашықбаев.

Қазақстанға президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен келетін вьетнамдық үкімет басшысы мемлекеттің басшылығымен бірқатар келіссөздер өткізбек.

«Кездесу қорытындысы бойынша энергетика, білім, өзара инвестицияларды қорғау, азаматтардың уақытша еңбек етуі мен сапарлары туралы екі жақты келісімдерге қол қойылмақ. Сондай-ақ осы сапар аясында бизнес-форум өткізіледі. Бұл екі елдің 15 жылдан бергі байланысы тарихындағы алғашқы жоғарғы дәрежелі сапар», — деді ресми өкіл.
XS
SM
MD
LG